ТІРЕК - КОНСПЕКТ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША
ТІРЕК - КОНСПЕКТ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША
|
Әзірлеген: |
Нвокубанка орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Чавид Ж |
||||||||
|
Пәні: қазақ әдебиеті |
Сынып: 11 (Т1) |
IІІ тоқсан |
Сабақ №4 |
||||||
|
Бөлім: |
Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер. Фонетика. Ресми ісқағаздар стилі |
||||||||
|
Тақырып: |
3.5. Зияткерлік миграция |
||||||||
|
Ресурстар: |
Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты 11-сынып оқулығы. Алматы. «Мектеп» баспасы. 2020 ж. Б.Қапалбек, Ш.Ерхожина, М.Жолшаева. |
||||||||
|
Қосымша материалдар (сілтемелер): https://martebe.kz/zijatkerlik-migracija/ |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
11.2.1.1 – әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; 11.3.2.1 – мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау. |
||||||||
|
Теориялық бөлім |
Шешендік сөздердің мазмұнына қарай жіктелуі Шешендік сөздердің идеясы мен мазмұнын арнайы зерттеген Г.З.Апресян төмендегідей классификация ұсынды: • әлеуметтік-саяси мәнді шешендік сөздер; • академиялық шешендік сөздер; • сот ісінде қолданылатын шешендік сөздер; • әлеуметтік тұрмыс-тіршілікте қолданылатын шешендік сөздер; • дін қызметінде қолданылатын шешендік сөздер. Қазақ тіл білімінің атасы, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы саясат шешендік сөз, билік шешендік сөз, білімдар шешендік сөз, қошемет шешендік сөз, уағыз шешендік сөз деп бөліп, шешендік сөздердің тақырыптық-мазмұндық топтарына Г.З.Апресяннан жарты ғасыр бұрын анықтама берген екен. Есте сақта! Интонацияның маңызды компоненттерінің бірі – үдемелік. Үдемелік басқа компоненттермен бірігіп барып біршама мазмұнға ие болады. Үдемелік көбінесе дыбыстардың негізгі тон жиілігімен бірігіп, сөйлемдегі сөздердің акценттелуіне қатысады. Сөйлемдегі сөз тізбектерінің бір үзігін акценттеу керек болса, сол жердегі үдемелікті күшейтеді.
|
||||||||
|
Практикалық бөлім |
1-тапсырма. Миграция туралы ойды жалғастырыңдар.
2-тапсырма. 56 -беттегі мәтінді терминдерге мән беріп оқыңдар. А )Төменде бір университеттің «Халықаралық академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында шетелде білім алушы студенттер санының диагностикасы берілген. Диагностика бойынша шағын мәтін жазыңдар 3-тапсырма. Оқылым мәтінінен алынған тіркестердің мағынасына жақын келетін тұрақты тіркестер тауып жазыңдар. Білімін жетілдіру – Мұхит асу – Қос диплом алып шығу – Қиындықтарын еңсеру – Қаржылық жағдайын жақсарту – 4-тапсырма. 59-беттегі өлеңнен тәуелдік жалғауы жалғанған 3 сөзді таңдап алып, фонетикалық талдау жасаңдар. Дескриптор 1. Ойды жалғастырады. 2. Диагностика бойынша шағын мәтін жазады. 3. Тұрақты тіркестерді тауып жазады. 4. Фонетикалық талдау жасайды.. |
||||||||
|
Үй тапсырмасы |
3-тапсырма. Қазыбек бидің айтқанын нақышымен мәнерлеп айтыңдар. Интонация ағымын байқаңдар. Сөзді үдетуді қай тұста қолдандыңдар? |
||||||||