«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ«Общеобразовательная школа села Новокубанка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Новокубанка орта мектебі «Болашақ» ұйымының жұмыстар бойынша I жарты жылдықта атқарған тәлімгердің 2019-2020 жылдығының ЕСЕБІ

ыыыыыыыыыыыыыыыы

«Бекітемін»

                                                  Мектеп директоры:           Кулекина Б.А

 

 

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Новокубанка ОМ

Аға тәлімгері:Самагул Амангүл

 

Новокубанка орта мектебі

«Болашақ» ұйымының  жұмыстар бойынша

I  жарты жылдықта атқарған тәлімгердің

2019-2020 жылдығының

ЕСЕБІ

 

Тәлімгер – балаларға жол бастайтын жетекші. Ол - ізденімпаз, тәрбиелі, сыпайы, сыйлы және білімді. Оның жан дүниесі үнемі, ылғи ізденіске толы жан. 

 

         Тәлімгер өзінің бойындағы білімін, өнерін сонымен қатар тәлімін айналасындағы балалар мен жасөспірімдерге тарту етеді. Тәлімгер балалар мен жасөспірімдер үшін адал дос және құрбыңдай жолдас болатын ең жанашыр жан деп түсінемін. Ол балаға қай уақытта болсын қиындық түскен жағдайда көмектесуге дайын. Балалар демалысын ұйымдастырушы, жол ашып, болашағына зор үмітпен қарайтын жан – тәлімгер.

 

2001 жылы Новокубанка орта мектебінде «Болашақ» ұйымы құрылған.

Ұраны: «Ең биік жұлдыздарға самғаймыз!»

 

Бұл ұйым бүкіл мектепті  1- ші және 11- ші сынып арасын қамтиды.

 

Бұл ұйымның өзіндік заңдары бар.

Мейірім заңы

Махаббат заңы

Естелік заңы

Қамқорлық заңы

Еркіндік заңы

Батырлық заңы

Әділдік заңы

 

         Мақсаты:

 а)Адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.Ақыл –ой тәрбиесі.

 б)Саяси-саналық, әскери патриоттық тәрбие

 в)Дене тәрбиесін жетілдіру,салауатты өмір салтын насихаттау

  г)Құқық тәрбие беру

  ғ)Экологиялық санасын қалыптастыру,экологиялық тәрбиелігін дамыту

 

 

Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап,  сынып сағаттары өткізілді. Төменгі буындарда отбасылық сайыстарды жиі өткізілді,салауатты өмір салтына байланысты, ата-аналар белсене қатысты.

 

                                 

«Жол жүру ережелері» тақырыбында әр түрлі іс-шаралар жүргізіліп, сауалнама, баяндама, әр түрлі ойындар өткізілді.

     

Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, «Мектеп белсенділері» ұйымының басшылығымен мектебімізге бекітілген соғыс ардагерлерің үйіне барып, үй маңайын және көше бойын тазалығына белсене ат салысты. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді.                         

 

Мектеп ішілік «Алтын күз» мерекесі өтті, бастауыш сыныптар аралығында «Арайлы алтын күз» тақырыбында іс- шара жүргізілді.

       

Қараша айында 5- 7 сыныптар арасында «Бақыт деген- денсаулық» атты спорттық сайыс өткізілді. Оқушылардың күзгі демалыс уақыттарында жүргізілген іс- шара.

 

  28 қараша мектепте «Менің өмірім- өз қолымда» атты СПИД-ке қарсы акция өткізілді. Бұл күні күндегідей саптық жиынмен бастадық. Кейін оқушыларға шағын ақпараттар беріп, сауалнамалар жүргіздік. Бұл апталықта мектептің медбикесі Мақсұтхан Алтай  және тәлімгерлермен  кездесіп ішімдіктің, темекі мен анашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді.

 

1 желтоқсан Президент күніне орай суреттер көрмесі ұйымдастырылды,салтанатты жиын болды.

16 желтоқсан Тәуелсіздіктің- 28 жылдығына орай оқушыларға «Тәуелсіздік -тұғырым» атты шығармалар сайысы,суреттер байқауы болды.

28- 30 желтоқсан аралығында Жаңа жыл мерекесі өткізілді. 25 желтоқсанда 8-11сыныптармен бірге мектепті безендірдік.

Осы уақыт арасында көптеген іс-шаралар өтті, оқушылар белсене қатысты. Мектебіміздің оқушылары әр нәрсеге өз үлестерін қасып жатады. Жоспарлау бойынша барлығы жоғары деңгейде өтті деп айта алмаймын. Жоспарлаған іс-шараларды жүргіздім. Алдағы уақытта жоспар бойынша бәрін өткізуге тырысам, жоспарым бойынша 1-2  іс-шара өтпей қалды.

 

 

                                

Жаңартылған күні: 12.02.2020 16:48
Құрылған күні: 12.02.2020 16:48

Текст