«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ«Общеобразовательная школа села Новокубанка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутизмі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Аутизмі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту

 

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні.

 

Жалпы елімізде аутизмге шалдыққан 6 мың бала бар. Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 96,58%-ы тәрбие, оқыту және түзету-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Аутизмі бар балаларды жалпы білім беру процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді. 2020 жылдан бастап мектептерде аутизмі бар балаларды оқу процесінде сүйемелдейтін педагог-ассистент лауазымы енгізілді.

 

БҒМ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен, оның ішінде аутизмі бар балалармен жұмыс бойынша арнайы педагогтерді даярлау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына арнайы модульдер енгізілген.

 

Сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар жандарды, оның ішінде аутизмі бар балаларды қабылдауға дайындалған мектептердің үлесін 70%-ға дейін, ал колледждер мен ЖОО-лардың үлесін 100%-ға дейін арттыру жоспарланған.

 

@edu_news_qz

Жаңартылған күні: 02.04.2021 11:36
Құрылған күні: 02.04.2021 11:36

Текст