«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ«Общеобразовательная школа села Новокубанка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»


 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Новокубанка орта мектебінің оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету тексеріс нәтижесінің анықтамасы

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Новокубанка орта мектебінің  оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету тексеріс нәтижесінің анықтамасы

Директордың ТЖ бойынша орынбасары

   Кенжебек Аягөз

    Мақсаты: Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

  • адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
  • осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
  • адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.  

Жалпы мектепте 320 оқушы тамақ пен қамтамасыз етілген,Оның ішінде тегін тамақтанатын оқушылар саны 74. Отбасының қамқорлығынсыз қолған оқушылар саны 4. Бастауыш сыныптарда тегін тамақтанатын оқушы 39 , ал орта сыныпта 31 және жоғары сыныптарда  3 оқушы. Олардың ішінде көпбала отбасынан 23 оқушы,аз қамтылған отбасы оқушылар саны 47.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Новокубанка орта мектептегі  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

  • әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды  тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
  • мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
  • қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
  • тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдайды.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

  • әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
  • оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
  • жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
  • тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Жаңартылған күні: 26.02.2020 16:08
Құрылған күні: 26.02.2020 16:08

Текст