Қазіргі қоғам дамуының ең маңызды факторы - білім мен ғылым. Қазіргі білім беру жүйесінің негізінде салынатын ойдың ең өзектісі тұлғаға бағытталуы. Мектепте оқушы дарындылығын анықтап, дамуына маңызды мүмкіндік беретін ол жалпы пәнаралық олимпиадаға қатысу. Ақпанның 8-12 аралығында жалпы пәнаралық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды. Олимпиадаға мектепішілік олимпиаданың қорытындысы негізінде 10 оқушы жолдама алды. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, физика, биология, география, Қазақстан тарихы пәндерінен қатысты.
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және сайт қонақтары !
Новокубанка орта мектеп сайтына қош келдіңіздер!
2020 оқу жылы, біздің мектеп 85 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келіп тұр. Біздің сайтымыз арқылы мектебіміздің ішкі өмірі,тыныс- тіршілігі, жаңа заманға сай , бәсекеге қабілетті түлектер тәрбиелеу барысындағы мектеп ұжымының жемісті еңбегі мен оқушылардың жетістіктері, шыққан шыңдары, алар белестері туралы мағлұмат алып отырасыздар .Сайт - мектеп өмірінің айнасы.
Бұл сайттың басты мақсаты - білім мен тәрбие үрдісіндегі мектеп- оқушы- ата-ана байланысын нығайту, өзара тиімді әрекеттесу мүмкіндіктерін ашу, Тек қана ұстаздар емес, оқушылар мен ата-аналар да фотосуреттер, түрлі әңгімелер, өлең шумақтарын, ақылды кеңестерін сайт беттеріне жариялай алады. Біздің мұғалімдер жұмысының нәтижесі - халықаралық, аудандық, облыстық сайыстарда, спорттық жарыстарда бірнеше рет лауреат, жүлдегер атанған балалардың жетістіктері, жобалы ғылыми іске қатысуы.
Жылдан жылға біз дәстүрімізді сақтаймыз және жаңаларын қалыптастырамыз, өйткені мектеп – бұл үнемі жаңарып отыратын ағза, жүйе, оған ата-аналар өз балаларын сеніп тапсырады, ал ата-аналардың көбі - біздің түлектер.
Мектеп директоры: Кулекина Баян Алшиновна