2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы
қызмет туралы есеп
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы
білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка
ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі көрсетеді.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесі, 15 үй.
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ-ң саласында 13 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы
бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - 89 мемлекеттік қызметтер
көрсеттілді.
Оның ішінде:
- электрондық үкімет порталы арқылы – 46 мемлекеттік қызмет;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 43 мемлекеттік қызмет;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту электрондық форматта өтінім бойынша ұсынылған жоқ.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
- «Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурсында орналастырылған
http://sc0006.shortandy.aqmoedu.kz/news/open/id-15667320 мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.
Сондай-ақ, ресми интернет-ресурстар мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
Ай сайын халықты БАҚ және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жүргізіледі.
2025 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2025 жылдың кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нысанында жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Шортанды ауданы бойынша ескертулер жоқ.
перспективалары
Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын
арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.